00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Қазақстан аруы» Мәскеудегі пәтерінен өлі күйінде табылды

31.03.2023 | 20:39
Елорда ақпарат
86

2000 жылғы Қазақстан аруы атанған Наталья Семаго Мәскеуде өлі күйінде табылды, деп хабарлады Elorda.info

Telegram 112 арнасына сілтеме жасаған Zakon.kz 28 қарашада ұлы Натальяны пәтерде ес-түзсіз жатқан күйінде тапқанын жазды. Бала көршілерін көмекке шақырса, олар жедел жәрдемге хабарласқан. Бірақ әйелді құтқару мүмкін болмады, ол дәрігерлер келгенше қайтыс болған.

Дереккөз мәліметінше, зорлық-зомбылықпен болған өлімнің көзге көрінетін белгілері жоқ. Нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.

Наталья Семаго 1984 жылы 3 желтоқсанда Павлодар қаласында дүниеге келген, музыка-математика мектебін, сондай-ақ ВГИК (Мирзоев пен Соловьев шеберханасы) бітірген.

2000 жылы «Қазақстан аруы» атағын жеңіп алды. Наталья Семаго «Луна» театрында жұмыс істеді, сонымен қатар «Алданған әйелдер лигасы» комедиясында басты рөлді сомдады.

Актриса 37 жаста еді.

Барлық жаңалықтар