00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Илон Маск Twitter-дің директорлар кеңесін таратты

31.03.2023 | 19:42
Елорда ақпарат
26

Танымал кәсіпкер Илон Маск Twitter компаниясын сатып алғаннан кейін директорлар кеңесін таратты, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша, бұл туралы дүйсенбі күні АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының (SEC) базасында жарияланған құжаттарда айтылған.

27 қазанда бірігу туралы келісім нәтижесінде Маск мырза Twitter-дің жалғыз директоры болды. Мәміле аяқталған сәтте бірігу жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес осыған дейін директор болған тұлғалар қызметін тоқтатты, - деп жазылған құжаттардың бірінде.

Әлеуметтік желінің негізін қалаушылардың бірі Джек Дорси компаниядағы акциясының 2,4% үлесін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жалпы нарықтық құны шамамен 1 миллиард долларды құрайтын 18 миллионнан астам акциясы бар.

Бұған дейін Маск Twitter-ді сатып алғаннан кейін компания басшылығының бірнеше мүшесін, соның ішінде бас директор Парага Агравал мен қаржы директоры Нед Сегалды жұмыстан шығарғаны хабарланған болатын.

 

Барлық жаңалықтар