00:00
Астана -10oC
USD:
477.03
EUR:
521.44
RUB:
5.43
Іздеу

Кореяда қайғылы оқиғаға байланысты тергеу басталды

31.03.2023 | 19:42
Елорда ақпарат
103

Оңтүстік Корея билігі Хэллоуин мерекесінде болған қайғылы оқиғаға қатысты тергеу ісін бастады, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ел премьер-министрі Хан Дак Су жіті тексеріс жүргізілетініне уәде берді. Куәгерлер болған жайтқа полицияны айыптап отыр. Қазір оқиға орыны қоршауға алынды. Ал жақын маңдағы дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындары жабық тұр.

Тұрғындар қыспақта мерт болғандардың құрметіне гүл шоқтарын әкеліп жатыр. Қайғылы оқиғаға қатысты елде  қарашаның 5-іне дейін Ұлттық аза тұту күні жарияланды. Мемлекеттік ту төмен түсірілді.

Айта кетейік, қазанның 29-ында Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 154 адам мерт болды. Олардың 26-сы шетелдік. Арасында Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Австралия, Норвегия, Шри-Ланка, Иран және Қытай азаматтары бар.
 

Барлық жаңалықтар