00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Сеулдегі Хеллоуин мерекесінде қазақстандық қыз қаза тапты – СІМ

31.03.2023 | 19:39
Елорда ақпарат
59

Сеул қаласында болған қайғылы оқиға салдарынан бір қазақстандық қыз мерт болды, деп хабарлады Elorda.info. 

Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған. 
Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуде, - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар