00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бүгін Оңтүстік Кореяда аза тұту күні жарияланды

31.03.2023 | 19:39
Елорда ақпарат
38

Сеулде (Оңтүстік Корея) Хэллоуин мерекесіне арналған кеште 150-ден астап адам қаза тапқан, деп хабарлады Elorda.info.

Алдын ала болжам бойынша, Хэллоуин мерекесінде адамдардың үлкен тобы Hamilton отелі маңындағы тар көшеге кіріп, бірін-бірімен қысылып, ауа жетпей, бір-бірін таптаған.

Ені небәрі 4 метрді құрайтын көшеде бір уақытта шамамен 100 000 адам болған.

Сеул қаласында болған қайғылы оқиғаның салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ, - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Корея Республикасындағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. Кореялық құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылды. Дипломаттар консулдық есепте тұрған қазақстандықтарға хабарласып жатыр.

Консулдық бөлім жанындағы жедел штабтың шұғыл байланыстары

Жұмыс тел.: +82 2 379-9714, +82 2 394-9716;
Ұялы тел.: +82 10 6682 2992, +82 10 6542 7771;
Эл. пошта: seoul@mfa.kz;
Мекен-жай: 53 Jangmun-ro, Yongsan-gu, Seoul, 140-809 서울시 용산구 장문로 53, 140-809.

Барлық жаңалықтар