00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қызын жазаламақ болған ер адам оны тірідей көміп тастаған

31.03.2023 | 19:38
Елорда ақпарат
44

АҚШ-тың Пенсильвания штаты Уэйнесбург қаласының тұрғыны қызын өтірік айтқаны үшін жазалап, баққа тірідей көміп тастаған. Кейін ер адам ұсталып, түрмеге қамалды, деп хабарлады Elorda.info Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Балалар құқығын қорғау ұйымы өкілдері полицияға 50 жастағы Джон Крафт балаға зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен хабарласқан. Кейін полиция қызметкерлері ер адамның алты жасар қызынан сұхбат алды. Қыз әкесінің оны аулаға тірідей көміп, жазалағанын айтты.

Полиция қызметкерлері қыздың бетіндегі, қолындағы және денесіндегі соққы іздерін суретке түсіріп алды.

Сондай-ақ қыз полицияға әкесінің оны есі танғанша тұншықтырып, басын еден мен қабырғаларға соққанын айтқан. Куәгерлер жәбірленушінің айтқанын растады.

Ер адам кәмелетке толмаған баланы аяусыз соққыға жықты деп айыпталып отыр. Ол аудандық түрмеге қамауға алынды.

Барлық жаңалықтар