00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Үкіметтің жаңа құрамы жасақталатын болды

31.03.2023 | 19:26
Елорда ақпарат
36

Италияның жаңа үкіметі сенбі күні ант қабылдайды. Парламент сайлауында жеңіске жеткен «Италия бауырлары» ультраоңшыл партиясының лидері Джорджа Мелони министрлер кабинетін жасақтау мандатына ие болды, деп хабарлады Elorda.info inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Джорджа Мелонидің мәліметінше, Европарламенттің бұрынғы басшысы, Сильвио Берлусконидің «Алға, Италия» партиясының вице-төрағасы Антонио Таяни Сыртқы істер министрлігін басқарады. Ал «Лига» партиясының көшбасшысы Маттео Сальвини инфрақұрылым және көлік министрі болады. Еуропалық ықпалдастық мәселелері жөніндегі министр портфелі еуродепутат, консерватор Раффаэль Фиттоға бұйырды.

Джорджа Мелонидің үкімет басшысы лауазымындағы жұмысы энергетикадағы дағдарыс пен инфляцияға қатысты көптеген қиындықтармен ұштасатын болады. Елдің бюджеттік дефициті ЖІӨ 150% жетті. Бұл Еуропалық одақтағы ең үлкен көрсеткіштердің бірі.

Д.Мелони жетекшілік ететін «Италия бауырлары» партиясы ресми мәліметтерге сәйкес, сайлаушылардың төрттен бір дауысына ие болды.

Барлық жаңалықтар