00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Премьер-министр отставкаға кетуден бас тартты

31.03.2023 | 19:10
Елорда ақпарат
65

Ұлыбритания Премьер-министрі Лиз Трасс қателіктері үшін кешірім сұрады. Бірақ билеуші консервативтік партияның бірқатар мүшесінің үндеуіне қарамастан отставкаға кетуден бас тартты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Мен қателік жібергенімді мойындаймын және жіберілегн қателіктер үшін өкінемін, бірақ оларды түзеттім. Қаржы министрлігінің жаңа басшысын тағайындадым. Біз экономикалық тұрақтылық пен қаржылық тәртіпті қалпына келтірдік, - деді Ұлыбритания Премьер-министрі Лиз Трасс.

Бұған дейін Ұлыбританияның Қаржы министрі Квази Квартенг нарықтағы қатты толқулар кезінде жұмыстан шығарылғаны туралы хабарланған болатын.

Еске салсақ, биыл қыркүйек айында Лиз Трасс Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі болып сайланды.

Барлық жаңалықтар