00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Гаитиде тырысқақ дерті өршіп тұр

31.03.2023 | 17:57
Елорда ақпарат
41

Гаитиде тырысқақ дерті өршіп тұр. Дәрігерлер аймақта аурудың өршіп кетуі мүмкін деп дабыл қағып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

«Хабар24» жазуынша, өткен аптада 8 науқас ауруын жеңе алмай, көз жұмды. Тырысқақ, әсіресе, елдің оңтүстігінде жиі анықтала бастады. Онда инфекция адамнан адамға тез таралып барады.

Аймаққа «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық үкіметтік емес ұйымының мамандары көмекке келді. Олардың айтуынша, ауру тым тез асқынып кетуі мүмкін.

Естеріңізге салайық, Гаитиде 2010 жылы тырысқақ дерті ушыққанда 10 мыңға жуық адам қаза болды.

Ауруханаға күнде іш өту мен құсу белгілерімен ондаған адам келеді. Мұндағы дәрігерлердің мүмкіндігі шектеулі. Басты мәселе – осы. Ауруханада бар-жоғы 22 орын ғана бар. Ал науқастардың санында шек жоқ, - деді дәрігер Флоренс Деннеула.


 

Барлық жаңалықтар