00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Президент екінші мерзімге қайта сайланатын болды

31.03.2023 | 17:55
Елорда ақпарат
28

Президенттік сайлауда үлкен айырмашылықпен жеңіске жеткен Аустрия Президенті Александр Ван дер Беллен қайта сайланды, деп хабарлады Elorda.info ORF сайтына сілтеме жасап.

Аустриядағы президенттік сайлау 9 қазанда өтті. Алдын ала нәтижелер бойынша аустриялықтардың көпшілігі қазіргі Президентке дауыс берген. Александр Ван дер Белленнің алты қарсыласы одан артта қалды.

Ішкі істер министрлігі жариялаған ресми нәтижелерге сәйкес, ол 54,6% абсолютті жеңіске жетті. Екінші орында – 19,1% жинаған оңшыл «Бостандық» партиясының кандидаты Вальтер Розенкранц.

Бірінші кезеңде жеңіске жету үшін Аустрия Президентіне үміткерге 50 пайыздан астам дауыс жинау қажет болды. Осылайша, Ван дер Беллен екінші мәрте алты жылдық мерзімге қайта сайланды.

Сайлауға қатысушылардың үлесі 65,9%-ды құрады.

Ван дер Беллен 2017 жылдың қаңтарынан бастап Аустрия Президенті қызметін атқарды.

Барлық жаңалықтар