00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Президент төрт министрді отставкаға жіберді

31.03.2023 | 17:41
Елорда ақпарат
41

Қырғызстан Президенті төрт министрді қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Elorda.info.

24kg жазғандай, екі депутат жұмыстан өз еркімен кетсе, қалған екеуі пара алды деген күдікпен тергеуге алынған.

Оқи отырыңыз: Білім министрі парамен ұсталды

Қырғызстанның Энергетика министрі Досқұл Бекмұрзаев пен Білім министрі Алмазбек Бейшеналиев сыбайлас жемқорлық фактісімен күдікке ілініп, қызметінен алынды. Ал Мәдениет, ақпарат және спорт министрі Азамат Жаманқұлов пен Көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев өз еркімен кеткен.

Президент Садыр Жапаров қазірдің өзінде бұл ведомстволар басшылығына кандидаттарды таңдап қойған. Енді бұл азаматтардың қызметке тағайындалу-тағайындалмауын Жоғарғы кеңес шешеді.

Барлық жаңалықтар