00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

«Рахмет»: Ұлыбританиядағы орыстар Қазақстан елшілігі ғимаратына гүл қойып жатыр (ВИДЕО)

31.03.2023 | 17:32
Елорда ақпарат
60

Ұлыбританиядағы орыстар Қазақстан елшілігі ғимаратының алдына гүл мен алғыс жазылған плакаттар қойған, деп хабарлады Elorda.info

Видео Instagram-дағы ZTB.kz парақшасында жарияланды. 

Бейнежазба авторы айтқандай, олар ішінара мобилизацияға байланысты Қазақстанға ағылған Ресей азаматтарын құшақ жая қарсы алған қазақтарға алғыс білдіріп жатқан көрінеді.

Еске салсақ, РФ Президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте елде ішінара мобилизация жариялап, ер азаматтарды әскерге, одан әрі Украинада болып жатқан соғысқа тартуды бұйырған еді. Соғысуды қаламаған ресейліктер жаппай Грузия мен Қазақстанға келіп жатыр. 

Барлық жаңалықтар