00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

COVID-19 індеті аяқталуға жақын – ДДҰ

31.03.2023 | 17:08
Елорда ақпарат
34

Коронавирус пандемиясы аяқталуға жақын. Бұл туралы сәрсенбіде Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Спикер пандемиямен күресті марафонмен салыстырды.

Біз мәре сызығын көріп отырмыз. Біз жеңіске жақынбыз. Бірақ қазір ең жаманы жүгіруді тоқтату болар еді, – деді ол.

Тедрос Гебрейесус  барлық елдерді ең қауіпті топтағы азаматтарды, соның ішінде медицина қызметкерлері мен қарттарды толығымен вакциналауға шақырды. Оның айтуынша, бұл әрбір мемлекеттегі халықтың кемінде 70% екпеге қатысты ДДҰ алға қойған мақсатқа жетудегі басым міндет.

ДДҰ келтірген мәліметке сүйенсек, өткен аптада әлемде 3,1 миллионнан астам адам COVID-19 жұқтырды, шамамен 11 мың адам қайтыс болды. Инфекция жұқтыру жағдайларының саны алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда 28%-ға, ал өлім-жітім саны 22%-ға азайды. 

Барлық жаңалықтар