00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Сен ауру шалсың!»: II Елизаветамен қоштасу рәсімінде оқыс оқиға болды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 17:02
ҒаниАтымтай
38

Кеше Эдинбургте II Елизаветамен қоштасу рәсімі кезінде күтпеген оқиға болды, деп хабарлады Elorda.info

Патшайымның денесі салынған табытты Шотландия астанасы көшесімен апара жатқан кезде көпшіліктің арасынан бір ер адам ханзада Эндрюді балағаттап жіберген. Ханзада катафалкадан кейін туыстарымен бірге жүрген.

Сен ауру шалсың! - деп айғайлаған бейтаныс ер адам.

Дегенмен полиция оны ұстаған.

«Известия» басылымының жазуынша, ханзада Эндрюға деген наразылық миллиардер Джеффри Эпштейнге байланысты айыптаулардан туындаған болуы мүмкін. II Елизаветаның ұлы кәмелетке толмаған адаммен қарым-қатынаста болды деген күдікке ілінген, сондықтан ол патша өкілеттігінен айырылған. Аза тұту кезінде оның әскери формада жүруге құқығы болмаған.

Айта кетейік, 13 қыркүйекте патшайымның денесі Лондонға жеткізіледі. II Елизавета 19 қыркүйекте жерленеді. Жерлеу рәсімі патшаның, бұрынғы және қазіргі үкімет мүшелерінің, сондай-ақ, басқа елдердің Мемлекет басшылары мен делегацияларының қатысуымен өтеді.

II Елизавета 8 қыркүйекте қайтыс болған еді.

Барлық жаңалықтар