00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Бізді қатты ұқсататын»: алты жыл бойы кездесіп жүрген жұп ағайынды болып шықты

31.03.2023 | 17:00
Елорда ақпарат
32

АҚШ-та 6 жыл бойы кездескен ғашықтар туған ағасы мен қарындасы болып шықты, деп жазады Elorda.info.

Lenta.ru сайтының хабарлауынша, қос жұп бұл жайтты тек ДНК тестін тапсырғанда бір-ақ білген.

30 жастағы әйелдің айтуынша, оны қазіргі отбасы асырап алған. Жігітінің де асыранды екенін білген. Бұл жағдай олардың арасын жақындата түсіп, 6 жылдан кейін отбасы болуды жоспарлайды. Үйленбес бұрын шыққан тегін білу мақсатында ДНК тестін тапсырған. Тест нәтижесі олар үшін күтпеген жайттың бетін ашты.

Бізді ел бір-бірімізге қатты ұқсататын. Мен оны алғаш көргенде әлдебір жақындықты сездім. Екеуіміз бірден тіл табысып кеттік. Бір-бірімізді сөзсіз ұғатынбыз. Сөйтсем, мұның бәрі біздің туған бауыр болғандығымыздан екен, - деді ағынан жарылған әйел.

Алты жыл ішінде олар бақытты өмір сүрген. Тіпті бір-бірін ата-анасымен таныстырып, болашақ тойының күнін де белгілеп қойған екен. Бірақ балалы болуға асықпаған.

Біздің бала жоспарламағанымыз дұрыс шешім болыпты, - дейді ол.

Қазіргі уақытта ғашықтар қайтадан тест тапсырған. Олар ДНК тестінің алғашқы нәтижесі қате екенінен үмітті. 

Барлық жаңалықтар