00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстан Өзбекстанға азық-түлік жеткізу бойынша I орында тұр

25.02.2023 | 15:02
Елорда ақпарат
41

Қаңтар-шілде айларында Қазақстан жалпы импорттағы 37 пайыз үлесімен азық-түлік өнімдерін жеткізетін негізгі елдер тізімінде бірінші орынды сақтап қалды, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша, Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, қазақстандық өнімді сатып алу 1,4 есе өсіп, қаржылық көрсеткіштер 499,3 млн доллардан 698,9 млн долларға дейін өсті.

Қазақстаннан бидай импорты 344,9 млн доллардан 422,4 млн долларға (1,2 есе), бидай ұны 45,9 млн доллардан 68,5 млн долларға (1,5 есе), өсімдік майы 43,6 млн доллардан 62,5 млн долларға (1,4 есе), маргарин және май – 2,6 млн доллардан 35,5 млн долларға дейін (13,2 есе), ет – 10,2 млн доллардан 39,6 млн долларға дейін (3,9 есе) өсті.

Импорттаушы елдердің бестігіне сондай-ақ Ресей – 24,6% (импорттың жалпы көлемінен), Бразилия – 13,8%, Беларусь – 4,3%, Пәкістан – 2,7% кірді.

Барлық жаңалықтар