00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Түркия президенті Украинаға Зеленский және БҰҰ басшысымен кездесуге барды

25.02.2023 | 14:02
Елорда ақпарат
44

Stan.kz-тің жазуынша, Түркия делегациясының құрамында дипломатия басшысы Мевлют Чавушоглу, Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Хакан Фидан, Президент әкімшілігі жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы басшысы Исмаил Демир, билеуші Әділет және даму партиясының ресми өкілі Омер Челик және Түркия үкіметінің басқа да мүшелері бар. Олардың арасында Baykar Makina компаниясының бас директоры Халук Байрактар да бар.

Оқи отырыңыз: БҰҰ бас хатшысы Украинаға барады 

Түркиялық БАҚ мәліметінше, Эрдоған Зеленскийге Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу ұйымдастыруды, сонымен қатар оқ атуды тоқтату режимін енгізуді ұсынбақ.

Кездесу барысында соғысты деэскалациялау мүмкіндігі, Украина порттарынан Қара теңізге кемелердің қозғалысы, азық-түлік пен астық экспорты, сондай-ақ Запорожье атом электр стансасы төңірегіндегі жағдай талқыланады деп күтіледі.

 

Барлық жаңалықтар