00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Француздар сауда орындарындағы жұмыс уақытын қысқартады

25.02.2023 | 12:07
Айман Нығмет
30

24.kz мәліметінше, бұған аймақтағы энергетикалық дағдарыс себеп. Соңғы кездері елдің электр жабдықтауында іркілістер жиі байқала бастады. 

Енді кей дүкендерде әдеттегідей тоқпен көрсетілетін жарнамалар болмайды. Сонымен қатар, жарықтандыруға кететін шығын да азаймақ.

Жуырда жергілікті билік те барлық тұрғындарды электр қуатын үнемдеумеуге атсалысуға шақырған еді.

Айта кетейік, Украинада қарулы-қақтығыс басталғалы Еуропа елдерінде энергия тасымалдаушылардың бағасы күрт артып кетті. Бұл кәсіпкерлердің ғана емес, қарапайым халықтың да қалтасынан қақты.
 


 

Барлық жаңалықтар