00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Бельгиялық әуекомпания 700-ге жуық рейсті тоқтатты

25.02.2023 | 10:17
Айман Нығмет
25

24.kz мәліметінше, Бельгияның ірі әуе тасымалдаушысы шілде мен тамыз айларында 148 рейс жүзеге аспайтынын мәлімдеді. Енді тағы 527 рейс тоқтады. Бұл шешім компанияның жол серіктері мен қызметкерлері қатарын ұлғайта алмауына байланысты қабылданған. Өйткені жақында үш күндік ереуіл болып, мыңдаған қызметкер басшылықтан жұмыс жүктемесін азайтуды талап еткен еді.

Айта кетейік, Бельгияда коронавирусқа қарсы шектеулер алынып, шекара ашылған соң Brussels Airlines өз рейстерін көбейтті. Бірақ жұмысқа қосымша қызметкерлер алмады. Сарапшылар компания жоспарланған рейстер орындалмаса 10 миллион еуро кірісінен айырылады деп отыр.

 

Барлық жаңалықтар