00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұлыбритания 4 күндік жұмыс аптасына көшіп жатыр

25.02.2023 | 08:22
Елорда ақпарат
55

Bloomberg порталының жазуынша, елдегі 70 компания төрт күндік жұмыс аптасына көшу туралы шешім қабылдаған. 4 Day Week UK эксперименті 6 айға созылады. Бұл уақыт аралығында аптасына төрт күн жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы өзгермейді, бірақ олардан еңбек өнімділігін арттыруды талап етеді. 

Charity Bank атқарушы директоры Эд Сигел төрт күндік жұмыс аптасына көшкен Ұлыбританиядағы алғашқы банктердің бірі болғанын айтады.

Біз ұзақ уақыт бойы жұмыстың кез келген бағытта ыңғайлы болғанын қаладық, пандемия келісімен көп өзгерістерге жол аштық. Charity Bank жаңа кадрлық жүйеге көшіп, жаңа ғасырдың бизнесіне сай болғысы келеді, - дейді ол. 

Ұлыбритания билігі төрт күндік жұмыс аптасы экспериментін кадрлық инновация деп бағалайды. Экспериментті Оксфорд пен Кембридждің ғалымдары және олардың Бостондағы америкалық әріптестері бақылайды.

Барлық жаңалықтар