00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Владимир Путин қайтыс болды – британдық БАҚ

25.02.2023 | 07:36
Елорда ақпарат
64

Бұл туралы Daily Star британдық «MI6» барлау қызметіндегі ақпарат көздеріне сілтеме жасап жазған.

Владимир Путин қайтыс болған болуы мүмкін. Өйткені MI6 дереккөздері оның орнына ұқсас адам келуі мүмкін деп мәлімдейді.

Басылымның мәліметінше, британдық барлау Ресей Президентінің ауыр сырқаты туралы айтып жатыр. Егер Путин әлдеқашан өлсе, оның қол астындағылар оны бүкіл әлемнен жасыруға тырысады.

Daily Star басылымы дереккөзінің айтуынша, Путиннің соңғы сөйлеген сөздері алдын ала жазылған болуы мүмкін. Оған қоса, 9 мамырда Мәскеуде өткен шеру сияқты көпшілік шараларда Путиннің өзі емес, оның клондары болуы мүмкін.

Путин қатты ауырып жатыр және ол қайтыс болған кезде оның өлімі айлар болмаса, апталар бойы құпия сақталады… Оның қайтыс болуы да мүмкін. Оны білу мүмкін емес. Ол өзін нашар сезінді, ал Кремль мұны жасырып қала алады, - деді британдық барлау қызметіндегі дереккөз.

Сондай-ақ мұны Путиннің өзіне толықтай адал жоғары лауазымды шенеуніктерді басқаратыны хабарланды. Путиннің өлімінен ондай қолбасшылар қатты қорқады. Кремльде төңкеріс басталып, ресейлік генералдар Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтатады.

Путиннің өлімі оларды дәрменсіз және осал етеді. Сондықтан олар Путин тірі деп айтуға мүдделі, ал шын мәнінде бұл керісінше болуы мүмкін, – деп қосты дереккөз.

Барлық жаңалықтар