00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Іздеу

Техаста мектептегі атыстан қаза тапқан балалар саны 19-ға жетті

25.02.2023 | 07:20
Елорда ақпарат
110

Атысты ұйымдастырған – 18 жастағы жергілікті тұрғын Сальвадор Рамос. Жігіттің үстінде оқ өтпейтін жилет болған, тапанша және AR-15 жартылай автоматыменқаруланған. Қылмыскер тәртіп сақшыларының қолынан қаза тапты.

Көз жұмған ересектердің бірі – осы мектептің мұғалімі Ева Мирелес еді. Тәртіпсіздік басталған кезде жасөспірім әжесін атып өлтірді деген күдікке ілінді.

Атыс кезінде шекара жасағының екі қызметкері жараланған, қазіргі кезде олардың жағдайы бірқалыпты.

АҚШ-та аза тұту күні жарияланып, Увалдадағы құрбандардың құрметіне Ақ үй мен АҚШ-тың басқа да федералды ғимараттарындағы ту жартылай түсірілген.

Америка мектептеріндегі атыс - жиі қайталанатын төтенше жағдайға айналды. Өткен жылы осындай 26 оқиға тіркелген.

2012 жылы Коннектикут штатында орналасқан Сэнди Хук бастауыш мектебіндегі атыс осындай оқиғалардың ішіндегі ең сұмдығы еді. Салдарынан 5 пен 6 жас аралығындағы 26 бала көз жұмды.

Барлық жаңалықтар