00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Шанхай тұрғыны карантин кезінде бір ай бойы телефон будкасында өмір сүрген

25.02.2023 | 06:06
Елорда ақпарат
32

50 жастағы әйел қуықтай кеңістікте бір ай бойы өмір сүрген. Ол ара-тұра итін серуенге шығарып, жамылғысын күн көзіне шығарып тұрған. Оның телефон будкасында тұрып жатқаны қарама-қарсы үйде тұратын бір әйелдің мұны суретке түсіріп алғанынан кейін белгілі болған. Қытайдың әлеуметтік желілерінде жұртшылық шу көтеріп, қала билігінің қаңғыбас адамдарға қатысты қатыгез көзқарасын сынға алған. 

Сондай-ақ әлгі әйелдің тіршілігі әбден тереңдеп кеткен экономикалық теңсіздік мәселесінің де бетін ашып көрсетіп бергендей болды. Будкада өмір сүрген әйел еңбек мигранты екен, ол да карантин кесірінен қалада жұмыс таба алмаған қаншама адамның бірі болған. Сол секілді басқа да үй-күйі жоқ еңбек мигранттары көлік тұрақтарында астына картон қағаз төсеп, көпір астында қолдан жасалған кереуеттер мен шатырларда түнеуге мәжбүр болған. 

Қала билігі бар күшін індетке қарсы жұмылдырғандықтан, Шанхайдың кейбір тұрғындары еңбек мигранттарына көмектесуді өз мойнына алған. Тұрақты табысы бар азаматтар мұқтаж жандарға арнап шатыр, жамылғы және ас-ауқат жинаған. 

Барлық жаңалықтар