00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Оңтүстік Кореяда мамырдан бастап далада маска тағу міндетті емес

25.02.2023 | 05:46
Елорда ақпарат
31

Жаңа ережеге сәйкес, егер далада әлеуметтік қашықтық мүмкін болмаса, онда маска тағуға кеңес беріледі. Алайда, 50-ден астам адам қатысатын қоғамдық, спорттық және мәдени шараларда ашық ауада маска тағу міндетті.

Оңтүстік Корея COVID-19 жұқтырғандар санының азаюына байланысты коронавирусқа дейінгі өмірге қайта оралып жатыр.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда таза ауада маска тағу міндеті 2020 жылдың қазанында эпидемиологиялық жағдайдың өршуіне байланысты енгізілген болатын. Маска режимін бұзғандарға әкімшілік айыппұл салынды.

Барлық жаңалықтар