00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Уилл Смитке «Оскар» марапаттау рәсіміне қатысуға тыйым салынды

25.02.2023 | 04:16
Елорда ақпарат
35

Осылайша актер 2022 жылғы Оскар марапаттау рәсімінде төбелескені үшін жазаланды. Ол орнынан тұрып, комик Крис Роктың бетінен ұрып, кейін оған былапыт сөздер айтқан болатын.

Смитке үкім кино академиясының виртуалды отырысында шығарылды, онда танымал Голливуд актеріне қандай жаза қолданылатыны талқыланды.

Смит өз әрекеті үшін кешірім сұрады, алайда бұл жеткіліксіз болды. Академия мәлімдемесінде биылғы марапаттау рәсіміне Смиттің сахнадағы қауіпті әрекеті көлеңке түсіргені айтылады. Смиттің шеттеттілу мерзімі 2022 жылдың 8 сәуірінен басталады.

Барлық жаңалықтар