00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Uber төлемді криптовалютамен қабылдауы мүмкін

25.02.2023 | 00:19
Елорда ақпарат
32

Uber басшысы Дара Хосровшахи CNBC-ге берген сұхбатында компания бұдан сәл бұрынырақ биткоин сатып алу мәселесін қарастырып, кейін бұл идеядан бас тартқанын айтты. Оның сөзінше, Uber өз қаражатын қауіпсіз түрде сақтап, спекуляциямен айналыспайды.

Алайда ол Uber-дің алдағы уақытта биткоин және басқа да криптовалюта арқылы төлем қабылдау мүмкіндігін талқылап жатқанын мәлімдеді. Хосровашидің айтуынша, егер бұл төлем жүйесі компания, жүргізушілер және қолданушылар үшін пайдалы болса, оны қосуға болады. 

Хосроваши сондай-ақ мұндай өзгерістің жарнама үшін ғана іске асырылғалы жатпағанын нақтылады.

Былтырғы наурызда Илон Маск Tesla автокөліктерінің биткоинге сатыла бастағанын хабарлаған болатын. Алайда сол айда-ақ Tesla биткоиндардың тиімсіздігі үшін одан бас тартты. 

Биылғы қаңтарда Tesla өз дүкеніндегі кейбір заттарды Dogecoin арқылы сатып алуға рұқсат берді, мәселен оған киберысқырық, электроквадроцикл және басқа да заттар сатып алуға болады.

Барлық жаңалықтар