00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Магнитті толқын кесірінен Илон Маск 40 спутниктен айырылды

24.02.2023 | 23:57
Елорда ақпарат
47

Компания өкілдерінің айтуынша, магнитті толқын кесірінен ауаның қарсылығы бұған дейінгі ұшыру кезіндегіден 50%-дан аса күшейген. Мамандар спутниктерді қауіпсіз режимге көшіру туралы шешім қабылдаған, бұл оларға ауаның қарсылығын төмендетуге мүмкіндік беретін еді. Алайда бұл жол көмектеспей, аппараттар істен шықты.

Істен шыққан спутниктердің өзге нысандармен соқтығысу ықтималдығы нөлге тең. Starlink құрылымы спутникті Жер атмосферасына кірген сәтте-ақ толықтай жойып жіберуге негізделген, спутник қалдықтарының Жерге құлауы немесе ғарыштағы қоқысқа айналуы мүмкін емес, – делінген SpaceX блогында.

Спутниктер 3 ақпан күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығынан ұшырылған болатын. Қазіргі таңда SpaceX планетаның шалғай түкпірлерінде интернет тарату үшін 1300 шақты спутникті жіберді.

Барлық жаңалықтар