00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Apple керамикадан жасалған ноутбук жасап шығарды

24.02.2023 | 23:14
Елорда ақпарат
25

Өнертабыс патенті АҚШ-тың патенттер мен тауар белгілері жөніндегі ведомствосы (USPTO) базасынан табылды. 

Өнертабыстың суретіне қарасақ, ноутбуктың батырмалары сенсорлы. Пернетақтадан бірнеше сантиметр төмен тұста перформация, оның астында датчиктер мен жарық диодтары орналасқан. Компьютерді қосуға арналған батырма сырт көзге көрінбейді, оны тек жарық диодтарының көмегімен байқауға болады. 

Қазіргі таңда Apple компаниясы өз компьютерлерінің корпусын аллюминийден жасайды. Компания мамандары қарастырып отырған керамикадан бөлек, инженерлер пластик қолдануды ұсынып отыр. Алайда, журналистердің ойынша, пластмассадан жасалған ноутбуктың шыға қоюы неғайбыл, өйткені Apple бұрынырақ та осындай құрылғылар шығарған болатын.

Барлық жаңалықтар