00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жапонияда коронавирустан өмір бойына қорғайтын екпе әзірленіп жатыр

24.02.2023 | 21:08
Елорда ақпарат
46

The Japan Times басылымы профессор Митинори Кохара бастаған зерттеушілер XVIII ғасырда жасалған шешекке қарсы вакцинаны негіз етіп алғанын жазды. Оның құрамында адамға зиянсыз сиыр шешегінің вирусы болып, бұл әлем бойынша шешектің таралуын тоқтатуға мүмкіндік берді.

Енді ғалымдар құрамында коронавирусы бар рекомбинантты вакцина вирусын жасауға ниетті. Олар мұндай препарат иммунитеттің коронавирусқа өмір бойы қарсы тұра алуына ықпал етеді деп есептейді. Дегенмен жаңа штамдарға байланысты жағдайдың қандай болатыны әзірге белгісіз.

Мен аденовирус пен РНҚ вакциналары сияқты әртүрлі вакцина технологияларымен жұмыс істедім. Алайда шешек вакцинасы вирусының векторын қолданатын препараттар бәрінен де күшті болып отыр, – деді профессор Митинори Кохара.

 

Барлық жаңалықтар