00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

10-нан астам адамды өлтірген әйел ұсталды

28.04.2023 | 21:00
52
Фото: pattayapeople.ru

Таиландта полиция 10-нан аса адамды улап өлтірген әйелді тұтқындады, деп хабарлады Elorda.info «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

36 жастағы келіншек достары мен олардың жақындарын ажал құштырған. Ол жауыздық әрекетін цианидпен, яғни химиялық затпен жүзеге асырған. Ал қылмыстың бәрі қаржымен байланысты болған. Жас келіншек күдікке осыдан 2 аптадай бұрын құрбысының өлімінен кейін ілінеді. Тергеу оның да ағзасынан цианидті табады. Бұл басқа қылмыстарды ашуға көмектескен.   

Бізде қылмыс цианидпен жасалғандығына нақты дәлелдер бар. Қолдағы мәліметтер күдікті оны қолданғанын анық көрсетіп отыр, - дейді Бангкок қаласы Қылмыспен күрес жөніндегі полиция бөлімі басшысының орынбасары Анек Таосупарп.

Күдіктінің көршісі оның жауыз екеніне сене алмайтынын жеткізген.  

Мен ол туралы жаңалықтардан естіген соң оның қаншалықты жауыз болғанына басында сене алмадым. Әдетте ол үйіне оралған соң ешкіммен араласпайтын. Көбіне әке-шешесіне немесе бір жаққа кетіп қалатын, - дейді Порнтип Шривалират.

Барлық жаңалықтар