00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Сол жерде болуы мүмкін»: Байжанов өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты

Бақытжан Байжанов
фото: t.me/Jogargy_sot

Бүгін Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Жарыссөзде айыпталушының бірі  Бақытжан Байжановқа сөз кезегі берілді, деп хабарлады Elorda.info.

Мені Бишімбаевпен бірге Нүкенованың денесін алып шығуды жоспарлады деп айыптап жатыр. Мен оқиға болған күні вип бөлмеде болған жоқпын. Бишімбаевпен сөйлескен жоқпын. Мен онымен сөйлеспесем, қалай Нүкенованың денесін алып шығу туралы жоспарлайтын едім. Сонымен қатар мені қылмыстық істі жасырды, яғни жейде мен нашатырды оқиға орнынан алып шықты деп жатыр. Неге барлығы солай ойлайды? Оларды еш жерден таппаған соң сондай болжамға келді. Негізінде оларды барлық жерден іздеген жоқ. Оқиға орны 4 рет тексерілді. Яғни ол Бишімбаевтың көлігі мен оқиға орын алған вип бөлме. Ал жалпы ресторан іші толық тексерілген жоқ. Мүмкін жейде мен нашатыр әлі де сол жерде болуы мүмкін, - деді айыпталушы Байжанов.

Барлық жаңалықтар