00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Денесінің суреттері желіге тарап кетті»: Айтбек Амангелді сотта Бишімбаевтың адвокатын кінәлады

Айтбек Амангелді
фото: видеодан алынған кадр

Бүгін Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Жарыссөзде Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасының денесінің суреттері желіге тарап кеткенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Мен сотқа жалғыз ғана өтінішімді айтқан едім. Салтанаттың суреттерін ата-анам көрмеу үшін ол тек сотта ғана көрсетілсін деп. Бірақ адвокат Ерлан Ғазымжановтың кесірінен Салтанаттың денесінің суреттері желіге тарап кетті, - деді Айтбек Амангелді.

Сонымен қатар Айтбек Амангелді Бишімбаевтың анасы өзін заңнан да, сарапшылардан да жоғары санайды деген пікір білдірді.

Айыпталушының анасы қанша уақыт өтсе де Салтанатты қаралай отырып, осы жерде бізге рақмет айтқаны таң қалдырады. Рақметті соттан кейін айтасыз, - деді Нүкенованың ағасы.

Барлық жаңалықтар