00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

«Астана Опера» театрынан адамдар шұғыл эвакуацияланды

24.02.2023 | 20:51
Елорда ақпарат
29

Театрда сағат 12:00-де "Щелкунчик" қойылымы басталуы керек болған. 11:45-те әкімшілікке жарылғыш затқа ұқсайтын құрылғы жайлы ақпарат келіп түскен. 

Барлық көрермендер мен қызметкерлер ғимараттан шұғыл эвакуацияланған. Қазір құқық қорғау органдары құрылғыға сараптама жүргізіп жатыр. 

Балаларға арналған "Щелкунчик" балетіне келгенбіз. Басталуына жарты сағат қалғанда сыртқа шығу керектігі туралы айтты. Оқу-жаттығулар емес екенін мәлімдеді. Мұндағы барлық көрермен – әйелдер мен балалар. Гардеробтан киімдерді алып, далада тұрдық, – деді куәгерлердің бірі. 

Сыртқа шығарылған балалар жақын маңдағы медициналық орталыққа орналастырылған. 

Барлық жаңалықтар