00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жапонияның Қазақстандағы елшісі «Инватакси» әлеуметтік жобасын аяқтау рәсімін өткізді

17.05.2023 | 18:13
40
Фото: Василий Крась

«Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жапония Үкіметінің «Шөп тамыры» бағдарламасы аясында 83 084 АҚШ доллар қайтарымсыз көмек алды. Бұл қаражатқа ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тасымалдау үшін «Инватакси» арнайы автокөлігі сатып алынды, деп хабарлады Elorda.info.

17-8.jpg

Бүгін елоадада осы қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен жобаны аяқтау рәсімі өтті. Оған  Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ямада Джун, «Шөп тамыры» бағдарламасының координаторлары Икэноуэ Ютаро және т.б. қатысты.

17-3.jpg

«Шөп тамыры» жобасы – Жапония Үкіметі жүзеге асыратын бағдарлама. Жобаның мақсаты Үкіметтік емес ұйымдарға медициналық және білім беру мекемелеріне қолдау көрсету. Сол арқылы халықтың аз қамтылған санаттарының жағдайын жақсарту. 1997 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан бағдарлама аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінде жалпы сомаса 7 млн 495 мың доллардың 114 жобасы қаржыландырылды, - деді елшісі Ямада Джун.

Кейін меймандар қоғамдық бірлестіктің жұмысымен танысты. Бірлестік 1999 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға әлеуметтенуі үшін түрлі көмектер көрсетіледі.  

17-5.jpg

Осындай сый үшін ерекше балалардың ата-аналарының атынан Жапония Үкіметіне алғыс білдіреміз. Енді бұл көлікпен балаларды оңалту орталықтарына ғана емес, бассейн, ипподром секілді түрлі орынға да апарамыз, - деді «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Оксана Омельковец.

17-7.jpg

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі «KUSANONE» адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша гранттық бағдарламаға қатысты. 83 084АҚШ доллары көлеміндегі гранттың арқасында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тасымалдау үшін «ИНВАТАКСИ» арнайы автокөлігі сатып алынды.

Барлық жаңалықтар