00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді

06.05.2024 | 14:55
Сабина Кәкімжан
345
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

Бүгін Астанадағы №44 орта мектепке Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді, деп хабарлады Elorda.info.

Мақсат - келешек ұрпаққа үлгі етер тұлғалардың өмір мен тарихын, ерлік-еңбектерін кеңінен насихаттау.

Мектепте Рақымжан Қошқарбаев атындағы алғашқы әскери патриоттық  кабинет те ашылды. Мұнда батырдың өмір тарихы және марапаттарымен танысуға болады. Сондай-ақ келушілер назарына  батырдың фотосуреттері қойылған.

Батыр есімін иемденген оқу ордасында бүгінде 1000-нан астам шәкірт білім алады. 

Бұл – мектеп үшін үлкен мереке. Білім ордасына батырдың есімі берілгенін мақтан тұтамыз. Келешекте біздің оқушыларымыз Рақымжан Қошқарбаевтың ерліктерін жалғастыратынына кәміл сенеміз. Мектебіміздің бүгінгі миссиясы – ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру, - деді мектеп директоры Ләззат Құлтаева.

 «Батырдың ерлігі – ел есінде...» атты  мерекелік бағдарламасы аясында бастау алған іс-шарада  Рақымжан Қошқарбаевқа арналған мемориальдық тақтаның ашылу салтанаты өтті.

Бүгінгі іс-шараға Қорғаныс министрлігі мен қалалық білім басқармасынан өкілдер сондай-ақ педагогтер мен оқушылар қатысты.

Барлық жаңалықтар