00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Әскери колледжде Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған іс-шара өтті

04.05.2024 | 13:59
122
Әскери колледжде Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған іс-шара өтті
Фото: дереккөз

Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде ғасырлық мерейтойға орай конференция өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Оған «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» РҚБ басшысы Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары, генерал-майор Марат Нағұманов, Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары, полковник Амангелді Тоғысов, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, М.Жұмабаев атындағы Халықаралық колледждің оқытушылары, әскери оқу орнының кадеттері мен ұландары қатысты.

Іс-шара әскери колледж аумағында орналасқан Сағадат Нұрмағамбетовтің бюстіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Салтанатты рәсімге қатысушылар халық батырын бір минут үнсіз тұрып, еске алды.

Қарулы күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің қолдауымен колледжде батырдың өмірбаянының кезеңдерін бейнелейтін фотокөрме, әйгілі генералға арналған мұражай экспозициясы ашылды. Онда генерал формасы, кителі, соғыста пайдаланған командирлік сөмкесі мен картасы, Сағадат Нұрмағамбетовтің бейнесі тоқылған кілем ілінген.  

Іс-шараға қатысушыларға Қарулы күштердің ардагерлері Бақытжан Ертаев пен Марат Нағұманов құттықтау сөз сөйледі. Конференцияда Ұлттық қорғаныс университетінің аға оқытушысы, полковник Асқар Макипов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасының оқытушысы, полковник Атығай Балғабеков, М.Жұмабаев атындағы Халықаралық колледжінің АӘД оқытушылары, подполковник Ерлан Серікбаев пен капитан Серік Сүлейменовтің баяндамалары тыңдалды. 

Жиын барысында сөз сөйлегендер Сағадат Нұрмағамбетовтің өмірі мен жауынгерлік жолының жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу ісіндегі маңызын атап өтті.

Барлық жаңалықтар