00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Алты аяғы бар қозы дүниеге келді (ВИДЕО)

31.03.2023 | 23:53
Елорда ақпарат
86

Германиядағы фермалардың бірінде ерекше алты аяқты қозы дүниеге келді, деп хабарлады Elorda.info МИР 24 арнасына сілтеме жасап.

Қозының есімі «Долли» екен. Оған алғашында орнынан тұрып, тамақ ішу қиынға соққан. Қозының жүруіне оңай болуы үшін оның бір аяғы бинтпен таңылған. Дене кемістігіне байланысты қой төліне назар аудармай ма деген қорқыныш болған. Ветеринарлардың тексерісінен кейін «Доллидің» денсаулығында басқа ақау жоқ екені белгілі болды. Мамандар қозының артық аяғымен не істеу керегін әлі шешпеген.

Екі аяғын кесіп тастасақ дұрыс болар. Бірақ ол операциядан кейін де дами ала ма, жоқ па – белгісіз. Бірақ қалай болғанда да «Долли» қалыпты өмір сүрсе екен дейміз, - дейді фермер Бернхард Тинтер.

Мамандардың айтуынша, қозы жәндіктер тарататын Шмалленберг вирусы салдарынан алты аяқты болып туған.

Барлық жаңалықтар