00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Полицейлер қала тұрғынынан сегіз «Сайга» қаруын тәркіледі (ВИДЕО)

25.02.2023 | 00:17
Елорда ақпарат
51

Бұл жолы Алматының Наурызбай ауданы тұрғынының сарайынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылық құралдары сақталған орын табылды.

Арнайы іс-шара кезінде 1984 жылы туған К. есімді азамат ұсталды, ол жедел іс-шаралар барысында осы жылдың 5 қаңтарында “Камерад” қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқандығы, нәтижесінде 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы сегіз мылтықты ұрлағандығы анықталды. Күдікті олжаны “жақсы уақытқа дейін” үйдің адамдарының көзінен алшақ, сарайда жасырған.  Барлық қарулар тәркіленді.  Оларға сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

“Камерад” қару-жарақ дүкенінен қару-жарақ пен өзге де мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Барлық жаңалықтар