00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада ірі есірткі зертханасы жойылды (ВИДЕО)

24.02.2023 | 23:49
Елорда ақпарат
43

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, ұсталған қыздардың бірімен жалға алынған үйді тінту барысында 1 218 таблетка «Экстази» синтетикалық есірткісі, 2 кг «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісі, сондай-ақ, есірткі өндірісінде қолданылатын заттар – 140 литрден астам прекурсорлар және үй жағдайында есірткі дайындауға арналған түрлі зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленген.

Тәркіленген есірткі құралдарына сот-химиялық сараптамалар жүргізілді. Осылайша, полицейлер синтетикалық есірткі өндіретін кезекті есірткі зертханасын жойды.

Айта кетейік, ұсталғандар бір жылдан астам уақыт бойы синтетикалық есірткінің ірі партияларын дайындап, «жасыру» жолымен Telegram мессенджері арқылы сатумен айналысқан.

Ұсталғандар таяуда ғана жалпы салмағы 1,2 кг мефедронды қала сыртында екі ірі жерде жасырғаны белгілі болды. Олар қосымша тергеу әрекеттері барысында тәркіленіп алынды. Алынған синтетикалық есірткілердің жалпы салмағы 3 кг 840 гр құрады. Ұсталғандардың бірі Ресей Федерациясының тумасы, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерін құжаттау, сондай-ақ, басқа да қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Өткен жылы ішкі істер органдары барлығы 17 есірткі зертханасын жойған.
 

Барлық жаңалықтар