00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Алматыда аялдамада тұрған қарияны ұрып-соққан ер адам ұсталды (ВИДЕО)

24.02.2023 | 23:34
Елорда ақпарат
47

Оқи отырыңыз: Алматыда полиция аялдамада қарияны ұрып-соққан ер адамды іздеп жатыр (ВИДЕО)

Ол ҚР ҚК-нің 293 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тексеру шаралары барысында қарт адамды ұрып-соққан ер адам анықталды және ұсталды. Бұл – Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны. Өзін қорғап алу үшін ұсталған азамат көлігіне зақым келтірген атаны жазалағысы келгенін айтты. Сондай-ақ бұл іс-әрекеттің Алматы облысының аумағында орын алғаны анықталды. Территориалдылық қағидаты негізінде қылмыстық іс материалдары қосымша тергеу және шешім қабылдау үшін Алматы облыстық ПД Қарасай аудандық Полиция басқармасына жіберіледі, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рүстем Абдрахманов.

Барлық жаңалықтар