00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

27.09.2023 | 09:30
43
Фото: дереккөз

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов елордалық ТЖД жаңа бастығын жеке құрамға таныстырды, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР ТЖ министрінің бұйрығымен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметіне Марат Күлдіков тағайындалды.

Марат Мұхаметқалиұлы 1967 жылы Семей облысында дүниеге келген. 

ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін және ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын бітірген. 

Еңбек жолын 1989 жылы өрт сөндіруші болудан бастап ҚР Төтенше жағдайлар вице-министріне дейінгі қызмет атқарды.

Бұған дейін елордалық ТЖД басшысы Қуанар Базарбаев атқарылған жұмыстар, оның ішінде өрт сөндіру бөлімдерін қайта жаңарту, жаңа өрт сөндіру деполарын салу, қажетті техникамен және жабдықтармен жарақтандыру туралы баяндады. Сондай-ақ, ол Астанада Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мәдениет және демалыс паркі жұмыс істейтінін атап өтті.

Министр елордалық гарнизонның жаңа бастығын құттықтап, халық арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттау бағытын ерекше атап өтіп, қызметті жетілдіру бойынша міндеттер қойды.

Барлық жаңалықтар