00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Тамара Дүйсенова Корея елшісімен көші-қон мәселелерін талқылады

05.12.2023 | 08:30
32
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тэ-ик Чжомен кездесті, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екі ел арасындағы еңбек ету мақсатындағы көші-қон мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында вице-премьер Қазақстан еңбек мигранттарын қабылдаушы тарап екенін атап өтті. Қазір мемлекетімізде 14 елдің азаматтары жұмыс істеп жатыр. Елімізде арнайы рұқсат қағазы арқылы еңбек етуге білікті кадрлар тартылуда. Республикада олардың қызметін реттейтін тиісті заң қабылданды.

Сондай-ақ біздің отандастарымыз да алыс-жақын шетелде жұмыс істеп жүр. Қазірде қазақстандықтар еңбек етіп жатқан бірқатар мемлекетпен, оның ішінде Корея Республикасымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз шетелде жұмыс істеп жүрген азаматтарымызды қорғауға мүдделіміз, — деді Тамара Дүйсенова.

Өз кезегінде Тэ-ик Чжо әлемнің 16 елінде Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесі (EPS) бойынша оқыту орталықтары жұмыс істейтінін атап өтті. Ондағы мамандар тіл, салалық дағдылар, заңнаманы үйретеді.

Сонымен қатар вице-премьер біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Барлық жаңалықтар