00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды

02.04.2024 | 15:32
Елорда ақпарат
47
Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды
Фото: parlam.kz

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» заңды талқылады, деп хабарлады Elorda.info.

Шарт саяси, сауда-экономика, транзит-көлік, мәдени-гуманитарлық, азаматтық қорғаныс және энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Құжат сондай-ақ халықаралық аренада өзара іс-қимылды нығайтуды көздейді. Тараптар Шарттың ережелеріне сәйкес екі мемлекеттің Парламенттері, саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары арасындағы байланыстарды нығайтуға жәрдемдеседі.

Тараптар Шартқа сәйкес сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік салаларында, терроризм, діни экстремизм, ұйымдасқан және кибер қылмыстар, заңсыз көші-қон, адам саудасы, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымы сияқты жаңа сын-қатерлер мен қауіпсіздікке қарсы іс-қимыл мәселелерінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды.

Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылын жаңа деңгейіне шығаруға, сондай-ақ екі мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуына мүмкіндік береді.

Комитет мүшелері талқылау нәтижесі бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
01.05.2024 | 14:01
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
30.04.2024 | 11:04
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26.04.2024 | 19:30
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
26.04.2024 | 17:42
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26.04.2024 | 16:45
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
26.04.2024 | 15:29
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
26.04.2024 | 14:53
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
25.04.2024 | 17:45
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
25.04.2024 | 16:51
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
25.04.2024 | 15:55
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Барлық жаңалықтар