00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

ІІМ басшысы ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесті

04.04.2024 | 18:01
Елорда ақпарат
57
ІІМ басшысы ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесті
Фото: дереккөз

Астанада ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунның кездесуі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяо, Қазақстан ІІМ және Қытайдың ҚҚМ жекелеген қызмет басшылары қатысты.

Кездесуге қатысушылар қызметтің көптеген бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың оң нәтижелерін атап өтті. Трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылдың басым мәселелерін талқылады.

Кездесу аясында министрлер меморандумға қол қойды.

Тараптар серіктестікті нығайтуға және екі ел полициясының оң тәжірибесімен алмасуға дайын екендіктерін жеткізді.

Барлық жаңалықтар