00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада сарапшылар еңбек нарығындағы жаһандық сын-қатерлерді талқылап жатыр

26.10.2023 | 07:00
53
Фото: primeminister.kz

Астанада «Өзгерістер дәуіріндегі еңбек нарығы: сын-тегеуріндер, инновациялар, перспективалар» атты халықаралық конференцияда цифрлық технологияларды дамытудың өзекті мәселелері және олардың болашақ мамандықтарға әсері талқылануда, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, БҰҰ, Дүниежүзілік банк және басқа да бірқатар халықаралық ұйым мен консалтингтік компания өкілдері қатысып жатыр. 200-ден астам қатысушының арасында беделді отандық және халықаралық сарапшылар бар.

Халықаралық конференцияны Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова ашты. Вице-премьердің сөзінше, жасанды интеллекттің дамуы экономиканың түрлі салаларында адамдар мен машиналардың қарым-қабілеті арасындағы шекараны барған сайын азайтып барады.

Технологиялар жұмыс әдістерімен қоса, оның мән-мағынасын, сұранысы жоғары қабілеттерге деген көзқарасты, ығысуы тиіс мамандықтарды сәт сайын өзгертуде. Жаңа технологиялар еңбек нарығына қалай ықпал ететінін түсіну аса маңызды. Себебі осы арқылы азаматтардың қысқарып жатқан мамандықтардан жаңа бағыттарға ойыса алу-алмауы анықталады, - деді Т.Дүйсенова.

Жұмыс беруші мен жұмыс іздеп жүрген азаматты еңбек нарығының заманауи инфрақұрылымы байланыстырмақ. Айта кетейік, халықты жұмыспен қамту орталықтары 1 шілдеден бастап мансап орталықтары болып қайта құрылды. Олардың басты мақсаты – аймақтық өзгешеліктерді ескере отырып, өңірдің жұмыспен қамту бойынша саясатын жүзеге асыру.

Жұмыспен қамту саласында ENBEK атты цифрлық экожүйе іске қосылды. Ол жұмыс іздеушінің еңбек нарығынан лайықты орнын табуға көмектеседі. Платформа қолданушыға мамандық таңдау, жаңа бағыттарды меңгеруден бастап жұмыс орнын табу мен еңбек шартын жасасуға дейін көмектеседі, - деп түйіндеді Премьер-Министрдің орынбасары.

Конференция аясында бірнеше тақырыптық сессия қарастырылған. Шақырылған сарапшылар кадрларды даярлау және жұмыс іздеушілер арасында бәсекеге қабілеттілікті арттырудың жаңа тәсілдеріне қатысты пікір алмасуда.

Барлық жаңалықтар