00:00
Астана -10oC
USD:
441.8
EUR:
480.02
RUB:
4.88
Іздеу

Аида Балаева «Масс-медиа туралы» заң жобасына пікір білдірді

06.10.2023 | 12:30
99
Фото: дереккөз

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында журналистерге масс-медиа туралы жаңа заң жобасын әзірлеу себептерін түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info

«Масс-медиа туралы» заңды жасау қажет болды. Өйткені 1999 жылы қабылданған «БАҚ туралы» заң моральдық тұрғыдан ескірген. 20 жылдан астам уақыт ішінде ақпараттық сала толығымен өзгерді, заңға ондаған түзетулер енгізілді, бірақ нәтижесінде жаңа заң жобасын әзірлеу мәселесі туындады. Халықаралық тәжірибе зерттелген соң әзірленген заң жобасында түсініктер аппараты маңызды орын алады. Бұл медиакеңістікте жаңа коммуникация құралдарының, процестер мен терминдердің пайда болуынан туындаған қажеттілік, – деді министр.

Министрдің айтуынша, заң жобасы БАҚ сұрауларын қарау мерзімдерін қысқарту, шығармашылық гранттық қаржыландыруға көшу, БАҚ материалдарына талап қою мерзімін белгілеуді көздейді. Оған қоса, журналистердің құқықтары туралы ұлттық баяндама жасау, баспасөз картасы арқылы аккредиттеуді жеңілдету жайы да бар. Бұл новеллалар заңнамалық жүйеге алғаш рет енгізілгенін атап өту маңызды.

Баспасөз карталарын енгізуге қатысты айтар болсам, бұл тетік қолданыстағы аккредиттеуге балама ретінде әзірленіп жатқанын атап өтемін. Бұл, ең алдымен, журналистердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдету үшін жасалады. Біз ақпараттық технологиялар ғасырында өмір сүріп жатырмыз және оларды журналистердің игілігі үшін пайдалану қисынды. Сондай-ақ, ведомствоаралық комиссия сатысында алынып тасталған ескіру туралы норма мемлекеттік органдармен бірлесе отырып заң жобасына қайта енгізілді. Ескіру мерзімін үш жыл қылу туралы айтылып отыр. Бірақ мен министр ретінде медиа қауымдастық ұсынған мерзім 1 жылды қолдаймын, – деп атап көрсетті Аида Балаева. 

Бұдан басқа, «Масс-медиа туралы» заң жобасы аясында мемлекеттік тілде телерадиоарналардың хабар тарату көлемін 50%-дан 70%-ға дейін ұлғайту ұсынылады. Ал 50 де 50  балансы қолданыстағы «БАҚ туралы» заңға 1999 жылы енгізілген еді. 25 жылға жуық уақыт ішінде елдегі мемлекеттік тіл мен отандық контентті дамыту бағытындағы трендтер өзгерді.

Барлық жаңалықтар