00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Әкімдердің сайлануы өзінің тиімділігін көрсетеді – сарапшы

01.04.2023 | 00:47
Елорда ақпарат
39

Ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу жөніндегі реформалар жергілікті халық тарапынан сұраныс болғасын жасалды. Бұл пікірді Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов білдірді, деп хабарлады Elorda.info

Сайланған әкімдерге жұмыс істеуге уақыт беру керек. Қандай да бір бастама, тіпті ең маңызды және ізгі бастама бірден нәтиже беруі мүмкін емес. Егер тапсырманы дұрыс қойып, жағдай жасаса, нәтиже болатынына сенімдіміз. Неліктен? Бізде қазірдің өзінде ауыл деңгейінде әкімдерді сайлау тәжірибесі бар, бірақ ол кезде міндеттер мен талаптар дұрыс қойылмаған болатын. Егер сіз бірінші түймені дұрыс түймелемейтін болсаңыз, онда басқаларының барлығын да қисық түймелейтін боласыз. Әкімдерді сайлау жағдайында өткен жылдардан сабақ алынғаны, дұрыс жағдайлар жасалып жатқаны көрініп тұр. Демек бәрі ойдағыдай болуы тиіс. Әйтпесе жергілікті жерлерде ешқашан тәртіп болмайды. Бұл туралы бүкіл әлемдік тәжірибеден көруге болады.
Мысалы, АҚШ-та тек 500-600 адам ғана федералды деңгейде сайланады. Ал басым көпшілігі жарты миллион таңдалған лауазымдардан, яғни штаттардан, каунти, үлкен және кіші қалалардан сайланады. АҚШ-тың үлгісіне сүйене отырып, мықты орталық билік жағдайында билікті орталықсыздандыру және өкілеттік беру арқылы мемлекетті тиімді басқаруға қол жеткізуге болады.
Елдің Еуропалық Одақтағы алтыншы экономикасы және әлемнің 20-шы экономикасы болуына мүмкіндік берген Польшадағы сәтті саяси, экономикалық реформалар көбінесе жергілікті өзін-өзі басқару реформаларының арқасында мүмкін болды. Американдықтардың да, поляктардың да ұзақ демократиялық дәстүрлері бар екені түсінікті. Алайда біз де бір нәрседен бастауымыз керек. Ең бастысы сайлаудың мұндай дәстүрлері біздің далалық демократиямызда да болғаны жөн, - деді сарапшы.

Еркін Тұқымовтың пайымынша, сайланған әкім алдымен сайлаушылардың алдында жауап береді. 

Сондықтан ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу жөніндегі реформалар жергілікті халық тарапынан сұраныс болғасын жасалды. «Біз сені таңдадық – біз сенен нақты нәтижелер күтеміз» деген формула осылай ғана жұмыс істейді. Қазір әкімдер жергілікті жерлердегі адамдардың өмірін олардың пікірін ескере отырып ғана емес, жергілікті қоғамдастықтың шешімдері негізінде жақсартуға мүмкіндік алды.
Сайланған әкім алдымен сайлаушыларының алдында жауап береді . Олардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелерін шешуі керек. Сол себепті жергілікті жерлер қаржылық ресурстарды қажет етеді. 2018-2020 жылдары барлық ауылдық округтерде бюджет жүйесінің төртінші деңгейі енгізілді. Бұрын салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жалпы республикалық бюджетке жіберіліп, содан кейін қаражат аймақтарға бөлінетін еді. Қазір жер, көлік, мүлік салығы, жеке табыс салығы, коммуналдық меншіктен, коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түскен кірістер мен айыппұлдар ауылдық округ бюджетінде қалады, - деді ол.

Спикер сондай-ақ әкімдердің сайлануы өзінің тиімділігін көрсететінін айтты.  

Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жергілікті бюджеттерді толықтыру көзделіп отыр. 2024 жылға дейін бюджеттің төртінші деңгейіне жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем және т.б. қосымша берілетін болады. Елді мекендер тұрғындарынан құралған жергілікті қоғамдастықтар бюджетті қайда жұмсау керектігін өздері шешетін болады. Ауыл тұрғындары бұл қаражатты инфрақұрылымды жөндеуге, аумақты абаттандыруға және т.б. жұмсай алады.
Біз Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты атынан әкімдерді сайлаудың тиімділігіне өз талдауымызды жүргіземіз. Бұл оңай емес, бірақ қажет жұмыс. Біз бұл туралы көпшілікке міндетті түрде айтамыз. Әкімдердің сайлануы жақын арада өзінің тиімділігін көрсететініне сенімдімін. Кей жағдайларда нәтиже бар екеніне көзіміз жет отырмыз, - деді ҚСЗИ директоры.

Барлық жаңалықтар