00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Мегаполистер мен облыс басшылары тиісті әкім тағайындалғанға дейін өз қызметін атқара береді

31.03.2023 | 20:34
Елорда ақпарат
106

Мемлекет басшысы Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                  Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 26 қараша

                    № 7

Барлық жаңалықтар