ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті
![](/img/articles/uploads/63492b599e734792618925_91a78925e6.jpg)
Қазақстан Президентінің төрағалығымен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info «БОРТ N1» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы бүгінгі іс-шара ТМД елдерінің COVID-19 пандемиясынан кейінгі алғашқы толыққанды саммиті екенін атап өтті.
Шағын құрамда біз ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері жөнінде жан-жақты пікір алмастық, Тәуелсіз мемлекеттер достастығын дамытудың негізгі басымдықтарын айқындадық. Бұл COVID-19-дан кейінгі ТМД-ның офлайн форматтағы алғашқы толыққанды саммиті екенін атап өткім келеді. Жалпы, астанамызда қайта бас қосуымыз қуанышты жайт, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекеттер басшылары бірден ресми құжаттарға қол қою рәсіміне көшуге келісті.
Қажетті құжаттарға қол қойылып жатқанда біз ТМД Атқарушы хатшысы лауазымын ТМД Бас хатшысы лауазымына өзгерту туралы мәселені шағын форматта талқылағанымызды жариялағым келеді. Аталған мәселеге қатысты мен осындай ұсыныс жасадым. Себебі кеше біз АӨСШК Атқарушы хатшысы лауазымын Бас хатшы лауазымына өзгерту туралы шешім қабылдадық. Бұған дейін ШЫҰ-ның Атқарушы хатшысы да Бас хатшы лауазымына өзгертілді. Негізінде, бұл атқарушы орган лауазымының мәртебесін арттыру үшін маңызды, - деді Президент.
Президент сөзін қорытындылай келе, өткізілген саммиттің нәтижелі болғанын айтты.
Құжаттарға қол қою рәсімі аяқталды. Осылайша, біздің отырысымыз нәтижелі болды деп айтуға толық негіз бар. Сонымен қатар құжаттарды қабылдаудан бөлек делегация басшылары, менің ойымша, ТМД шеңберіндегі көпжоспарлы өзара іс-әрекеттің кең ауқымы және халықаралық күн тәртібі жөнінде өте пайдалы пікірталас өткізді. Осы ретте айтылған маңызды ұсыныстар мен қаралған құжаттар ТМД кеңістігіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Бұл ортақ мақсатымызға сай келеді. Сөз соңында ТМД Атқару комитетінің қызметкерлеріне, біздің сарапшыларға, мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын дайындауға және өткізуге тікелей атсалысқан Достастықтың барлық органына ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар жиында ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко сөз сөйледі.
ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің төрағасы, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының грамотасын мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының төрағасы Радик Батыршинге табыс етті.
Кездесу соңында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары Мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәлімдемеге қол қойды. Сондай-ақ Достастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар құжат қабылданды.
![Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрін қабылдады](/img/articles/0b35903dccb46432fc31488b537de428.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Қазақстан мен Беларусь мәдени ынтымақтастықты нығайтады](/img/articles/99321f63e1afa28f880285f661dcb55c.jpg)
![Мемлекет басшысы Владимир Путинге көңіл айтты](/img/articles/0e5a131151926021da439e2c1bcd1f49.jpg)
![Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті](/img/articles/fcaa265f945ea7e949569b00ae53cefd.jpg)
![Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады](/img/articles/c9bb0457c4934011fcd7b95c6f737167.jpg)
![Президент Төтенше жағдайлар министрінің есебін тыңдады](/img/articles/234b384ab49f7b60976387407673ccf7.png)
![Президент бірқатар заңға қол қойды](/img/articles/042c9cbc0b57c0a1628f94ebecb91404.jpeg)
![Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды](/img/articles/83a6fc9ca7586e233bbe0672036d961b.jpeg)
![Елімізде нашақорлыққа қарсы күреске айрықша мән беріледі – Президент](/img/articles/15190e6cfb008182bd251cb980929801.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні](/img/articles/1f5983c393a339941b09be95d65f51a6.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)