00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Іздеу

Елордада өтетін АӨСШК саммитіне 11 мемлекеттің басшылары қатысады

31.03.2023 | 17:57
Елорда ақпарат
63

12-13 қазан күндері Астанада өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне 50-ге жуық делегация келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Осы аптада Астанада жоғары және аса жоғары деңгейде бірқатар халықаралық іс-шара өтеді. 12-13 қазан күндері өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне 11 мемлекет басшысы қатысады. Олар – Әзербайжан, Ирак, Иран, Қатар, Қырғызстан, Ресей, Палестина, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан басшылары. Бір төрағаның орынбасары, бір вице-президент және 5 министр қатысады деп күтілуде, - деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте.

Сонымен бірге, АӨСШК бақылаушы мемлекет ретінде Беларусь президенті де саммитке қатысады.

Жоғары деңгейдегі кездесу АӨСШК шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып Қазақстанның төрағалығымен өтеді. Шараға мүше мемлекеттердің, байқаушы елдер мен ұйымдардың, серіктес ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ Қазақстан тарапының қонақтары шақырылды. Барлығы 50-ге жуық делегация келеді деп күтіліп отыр, - деді ресми өкіл.

Саммит барысында бірқатар құжаттар мен шешімдерді қабылдау жоспарланған.

Барлық жаңалықтар